Сенат Бюросы палатаның алдағы отырысының күн тәртібін нақтылады

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Сенат спикері Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бюрода Сенаттың 2013 жылғы 25 сәуірде болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды. Отырыста Порнографиялық басылымдар айналысының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын қарау жоспарланып отыр.

Отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы (екінші оқылымда) ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар