Сенат Бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі келісілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Бюросы жоғарғы Палатаның 2016 жылғы 10 наурызда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті.
Сенаторлар Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы; құқықтық актілер туралы; заңнамаға құқықтық актілер мәселелері бойынша түзетулерді; төрелік туралы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы; теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша заң жобаларын талқылайды.
Заңнамаға төрелік мәселелері; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату; мемлекеттік қызметтер көрсету ; ғарыш қызметі ; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылsмда талқыланады. Депутаттар заңнамаға экологиялық және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайды.
Бюрода сондай-ақ «Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне беру жөнінде қаулы қабылданды.