Сенат Бюросының отырысы болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның ағымдағы жылғы 17 және 31 наурызға жоспарланған отырыстарының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутаттар 17 наурыздағы Сенат отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап
отыр.
Келісімнің мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде азаматтығының болуы немесе болмауы, көші-қон есебіне қою, виза беру, жеке басын куәландыратын құжаттар және басқалар туралы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін
құру болып табылады.
Сенаттың 31 наурызда өтетін отырысында депутаттар «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды.
Бюро отырысында сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.