Сенат депутаттары Ақмола облысының «Родина» ЖШС-да болды

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Евгений Аман бастаған Сенат депутаттары Ақмола облысының аумағындағы «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Депутаттардың сапары осы комитеттің «Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландырудағы даму институттарының ролі және бюджет қаржысын тиімді пайдалану шаралары» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға әзірлік аясында жүзеге асты.Е.Аман ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңыздылығына тоқтала келіп, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға бағытталған құқықтық негізді қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты комитет төрағасы ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі Сенаттың жұмысы туралы әңгімеледі.«Жүйелі түрде көрсетіліп келе жатқан мемлекеттік көмектер аграрлық секторды жедел дамытуға серпін болды және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізді», деп атап өтті сенатор. Серіктестік басшысы Иван Сауэр шаруашылықтың қызметі туралы жан-жақты айта келіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға жеткізу көлемін арттыруға ықпал ететін жаңа жобалар туралы ойларын ортаға салды.И.Сауэрдің айтуынша, қазіргі кезде Астананың азық-түлік белдеуін сапалы сүт өнімдерімен бекемдеуге мүмкіндік беретін жобалар табысты жүзеге асырылып келеді. Шаруашылықта асыл тұқымды селекциялау жұмыстарына баса назар аударылады, тұрақты мал азығы жасалды.Депутаттар серіктестіктің өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралады.
Соңғы жаңалықтар