Сенат депутаттары «Эйр Астана» билеттерінің қымбаттауына байланысты үкіметке сауал жолдады

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы билеттері бағасының қымбаттауына байланысты үкіметке сауал жолдады. Бұл туралы Сенат төрағасы Қайрат Мәми өзінің жеке блогына жазды.

Сенат депутаттары «Эйр Астана» билеттерінің қымбаттауына байланысты үкіметке сауал жолдады

«Үстіміздегі жылғы 5 сәуірдегі Парламент Сенаты отырысының барысында «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы билеттері бағасының қымбаттауы және осы жағдайға байланысты Үкімет тарапынан түсініктеме қажеттігі жөнінде айтылған болатын.

Бұл мәселені талқылай келіп, палата Бюросы оны қазіргі заңнаманың аясында шешу жолдары бар екені жайында тоқтамға келді. Осыған байланысты Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолданды», - делінген Сенат спикерінің жеке блогында.