Сенат депутаттары «ҚазАгроӨнім» корпорациясы» және «Асыл түлік» акционерлік қоғамының басшыларымен кездесті

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті депутаттарының Ақмола облысына барған сапары аясында «ҚазАгроӨнім» корпорациясы» және «Асыл түлік» акционерлік қоғамының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады,
None
None

деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы басым бағыттардың бірі асыл тұқымды мал шаруашылығы болып табылады. Мемлекет басшысы сала алдына нақты міндеттер қойып, оның ішінде 2016 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізу межеленді.

Асыл тұқымды мал өсіру әрқашан шаруашылықтың бетке ұстар бағыты саналып келеді. Кездесуде мемлекеттік қолдаудың арқасында қазіргі кезде бұл сала сапалық тұрғыда жаңа деңгейде дамып келе жатқаны айтылды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мен дамытудың құқықтық реттелуі де оған ықпал етеді.

Қазіргі кезде Парламентте жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Асыл тұқымды шаруашылық деңгейінен асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесіне алмасу ондағы басты жаңалық болып табылады. Ол өнімділігі жоғары мал өсіретін агрофирмаларды мемлекеттік субсидиялармен қолдауға мүмкіндік береді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығының қызметіне атқарушы органдардың араласпайтыны да жаңалық болып отыр. Бұл кейбір міндеттерді қоғамдық ұйымдар мен ассоциацияларға беру арқылы мемлекеттік органдардың тұқымдық-сұрыптау жұмыстарын реттеуге әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Асыл тұқымды мал бағасын анықтаудың жаңа әдістері енгізілетін болады. Сонымен бірге заң жобасымен мал шаруашылығындағы сұрыптау және асылдандыру жұмыстарын субсидиялау да қарастырылуда.

Кездесуде сондай-ақ ет экспортының әлеуетін арттыру, малды өсіру жағдайларын, ветеринарлық қауіпсіздікті жақсарту, бордақылау алаңдарын, өсіріп-таратушы шаруашылықтар құрылыстарын салу және шаруа қожалықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Б.Жылқышиев мемлекет қазіргі кезде барлық мүмкіндіктерді беріп отырғанын, Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа және фермер қожалықтары белсенді түрде қатыса алатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар