Сенат депутаттары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы сот институтының оқытушылары мен магистранттарымен кездесті

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Талқылауды ашқан комитет хатшысы Серік Ақылбай құқықтық реформаларды одан әрі іске асырудағы, сот саласына жоғарғы стандарттарды енгізу мен құзіреттілікке қол жеткізудегі, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен айқындығы тұрғысында бұл кездесудің маңызды екенін атап өтті.
Осыған байланысты сенатор судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін даярлау, білім беру және кәсіби деңгейлерін арттыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті.
«Соттың кәсіби білімі бүгінде мемлекеттік құқықтық саясатты табысты жүзеге асырудағы маңызды жағдай болып табылады, сот жүйесі үшін мамандар даярлаудың сапасын арттыру қажеттігі бағдарламалық сипаттағы құжаттарда көрсетілген»,-деді сенатор.
Атап айтқанда сот жүйесінің білім беру стратегиясы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, сондай-ақ әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру міндетіне сәйкес әзірленген болатын.
Кездесуде оқу орнының қызметіне тоқталған сот институтының директоры Мұрат Бейбітов білім беруді жаңғыртудағы мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамалық ережелерінің ескерілуіне және сот жүйесі үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету мәселелеріне кездесуге қатысушылар назарын аударды.
Кездесу барысында оқу үдерістерін одан әрі жетілдірудің және сот корпусы мен сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудың келешегі талқыланды.