Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарауға алды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарауға алды.

Сенат депутаттары  ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарауға алды

ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президентінің ұсынысы бойынша ҚР Жоғарғы сотының судьяларын қызметінен босату Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Мәселені Сенат отырысында қарау кезінде ҚР Президенті, немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсыныс жасайды. Осыған орай Сенат аталған мәселені жедел қарауға кірісті.