Сенат депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына қатысты бірқатар құжаттарды қарады
Отырыс барысында Сыртқы істер вице-министрі Амангелді Жұмабаевтың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамасы 2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Аталмыш құжат талаптарына сәйкес, бір немесе бірнеше мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығына және тұрақтылығына қауіп төнген кезде немесе Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдерге, сондай-ақ әлемге қауіп төнетін болса, бірден бірлескен консультациялар тетігі іске қосылады. Нәтижесінде мемлекеттер өздеріне төнген қауіп қатердің алдын алу бағытында тиісті шешім қабылдайды. Сондай-ақ келісім талаптарына сәйкес, ұжымға мүше елдер қауіп төнген мемлекетке қажетті әскери және өзге де көмектер көрсететін болады.
Отырыс барысында сенаторлар екі құжатты да жалпы отырыста қарау қажет деген байламға келді.