15:24, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
Сенат депутаттары зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша заң жобасын талқылайды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Осы аптада Қазақстан Парламенті депутаттары бірқатар заң жобаларын қарастырады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ресми өкіл Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«2 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақты дамыту бойынша комитетінің отырысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі аясында «Оңтүстік-Батыс» және «Оңтүстік-Шығыс» тас жолдарын дамытуға арналған заң жобасы қарастырылады», - деді ол.
Оның айтуынша, сонымен қатар, 3 мамырда Сенат ел Парламентінің Мәжілісінде бұдан бұрын талқыланған ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша заң жобасын қарастыруды жоспарлап отыр.