Сенат депутаттарының сайлауы: Бір орынға бес адам үміткер
«Депутаттардың сайлау науқаны басталғалы бері бүгінге дейін 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға бес адам үміткер болып тұр. Ұсыну мерзімі 12 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Ұсыну кезеңінің соңғы қорытындыларын жеке отырыста қарастырамыз», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев отырыста.
Айта кетейік, осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді.
Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілген. 13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.