Сенат депутаттығына кандидаттарға www.inform.kz сайтында интернет-алаңдарын ұсыну шарттары

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 14 қаңтардағы сайлауға қатысатын Республика Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-тың «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің www.inform.kz сайтында интернет-алаңдарын ұсынуының жалпы шарттары.

Сенат депутаттығына кандидаттарға www.inform.kz сайтында интернет-алаңдарын ұсыну шарттары

«Республика Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ – www.inform.kz сайты бар (бұдан әрі-Сайт) «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің иесі, 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-Үгіт материалдары) орналастыру үшін Сайтта интернет – алаңдарды ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 13 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлға, жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

Үгіт материалдарына қойылатын талаптар тарифтерге қосымшада көрсетілген. Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын, егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын, егер оларда республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Кандидаттардың не олардың уәкілетті өкілдерінің үгіт материалдарын «Қазақапарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында орналастыруы

1.www.inform.kz сайтында орналастыру



Жазбаша өтініштерді телеарна меншік иесі 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, Parkline БО, 2 қабат, 206 кеңсе мекен жайы бойынша 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін қабылдайды, телефондары 8 (7172) 95 40 59.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.