Сенат депутаттығына сайлауда Астана қаласынан үміткер В. Редкокашин басым дауысқа ие болды

ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайлауда Астана қаласынан үміткер Владимир Редкокашин мәслихат депутаттарының басым даусына ие болды.

Сенат депутаттығына сайлауда  Астана қаласынан үміткер В. Редкокашин басым дауысқа ие болды

Бүгін таңертең сағат 10.00-де Астана қаласының әкімдігінде ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау өтті. Астана қаласы мәслихатының барлығы 25 депутатының сайлауға қатысқан 24-і - Сенат депутаттығына Астана қаласынан үміткер ретінде тіркелген 3 адам: Сәрсенбай Мыңбаев, Владимир Редкокашин және Андрей Лапенко үшін дауыс берді.

Сайлау аяқталысымен сайлау комиссиясының мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көзінше сайлау бюллетендерін санап шықты. Нәтижесінде В. Редкокашин - 22 дауыс, С. Мыңбаев 2 дауысқа ие болды.