Сенат депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және қуғындаумен күрес жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат. ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және қуғындаумен күрес жөніндегі жеке өкілі болып Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Әділ Ахметов тағайындалды,

Сенат депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және қуғындаумен күрес жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеке өкіл қазіргі төрағаға мұсылман емес елдердегі мұсылман азшылықтарының жағдайын зерделеу мен құқықтарын сақтауға сараптамалық көмек беріп, қуғындаумен күрес және толеранттылықты нығайту саласындағы міндеттемелерді тиімді жүзеге асыруға бағытталған ЕҚЫҰ-на қатысушы елдер мен институттардың күш-жігерін үйлестіруге жәрдемдесетін болады.