Сенат депутаты Рашит Ахметов Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссия басшысы Ана Люсия Коронельмен кездесті

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметовтің Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Ана Люсия Коронельмен кездесуінде банк саласын заңнамалық тұрғыда реттеу,

Сенат депутаты Рашит Ахметов Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссия басшысы Ана Люсия Коронельмен кездесті

қаржы секторын нығайту мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында банк қызметін және қаржы ұйымдарындағы тәуекелдерді азайту бөлігін реттеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға кейінгі кезде енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, қаржы ұйымдарының қызметіне талаптарды күшейту және банк активтерін жақсартуға бағытталған ережелер аталып өтілді.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның келешектегі орта мерзімге арналған қаржы-экономикалық дамуы мәселелері бойынша пікір алмасылды.