Сенат дербес деректерді қорғауға арналған заң жобасын Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Аталған заң жобасының мақсаты адамның және азаматтың дербес деректерін жинау және оны өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты субъект, меншік иесі, оператор және үшінші тұлға арасындағы қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, дербес деректерді жинау және өңдеу, олардың қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын кезде дербес деректердің мемлекеттік қорғалуына кепілдік беріледі.

Талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған құжатқа сенаторлар бірқатар өзгерістер енгізді. Атап айтсақ, дербес деректерді субъектінің келісімінсіз жинауды, ондай деректердің қорғалуы қамтамасыз етілмейтін шет мемлекеттерге арнайы халықаралық шарттарды қабылдаған кезде ғана беруді көздейтін өзгерістер енді. Бұл ретте сенаторлар нысаны адамның және азаматтық құқығы мен бостандығы болып табылатын халықаралық шарттар ратификациялауға жататынын алға тартады.

Соңғы жаңалықтар