Сенат "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР заңын қабылдады

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Парламентінің Сенаты "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңын қабылдады.
None
None

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің атап өтуінше, заң жобасының алдына үш негізгі міндет қойылған. Олар: адам құқықтарын қорғау, діни бірлестіктердің қызметін ретке келтіру және оны азаматтық заңнамаға сәйкестендіру, заңнамадағы кемшін тұстарды толықтыру. «Заң жобасында Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер мен жиналыстар қажеттілік туындаған жағдайда ғибадат үйлерінде және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелерінде, зираттарда, қоғамдық тамақтану орындарында, тұрғын үйлерде ешбір кедергісіз жүргізіледі деп айқын көрсетілді»,-деді Агенттік төрағасы.

Оның атап өтуінше, сондай-ақ заң жобасында миссионерлік қызметке ерекше назар аударылған. ҚР аумағында қызмет ететін миссионерлер, Дін істері агенттігінің аумақтық департаменттерінде жыл сайын қайта тіркеуден өтуі және аталған қызметті жүзеге асырушы тұлғалар тіркеуден өту барысында қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынуға міндетті.

«Осы заң қабылданғаннан кейін барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуі қажет. Сол кезеңде Дін істері агенттігінің алдында әкімдіктермен және әділет органдарымен бірлесе отырып, құрылтай құжаттарын мұқият зерттеу арқылы діни бірлестікер мен саны аз діни топтарды тіркеуге және олардың қызметін ретке келтіруге бірегей мүмкіндік тумақ»,-деді Қ. Лама Шариф

Аталған заң жобасын Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар