Сенат экология мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Сенат экология мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Аталған құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімнің атап өтуінше, заң жобасы қалдықтардың жинақталу көлемін азайту, нарықтық тетіктер енгізу жолымен парникті газдар шығарындыларын төмендету және экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Заң жобасымен Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Экологиялық кодекске, Бюджет кодексіне, «Банкроттық туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.