Сенат Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударады
«Мемлекет басшысы қаржы секторын тұрақтандыру, бюджеттік саясатты оңтайландыру, жекешелендіруді ынталандыру және экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бағыттары бойынша жақын аралықта шаралар қабылдауды тапсырды», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Спикердің пікірінше, әлемдік экономиканың турбуленттілігі және халықаралық қатынастардың тұрақсыздығын есепке алғанда, бұл жолғы Жолдау ерекше мәнге ие болып отыр.
«Жолдауда уақыт тудырып отырған қатерлерге барабар жауаптарды қарастыратын нақты шаралар қамтылып отыр. Осыған байланысты, Сенаттың жұмысы негізінен Мемлекет басшысының тапсырмаларын заңнамалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Жолдаудың негізгі ережелерін өңірлерде түсіндіруге бағытталады, - деді Сенат Төрағасы.
Айта кетерлігі, Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ҚР Президентінің ұсынуымен ҚР Жоғарғы Сотының судьяларын тағайындаумен қатар, екі заң жобасын талқылау шығарылады.