Сенат енгізген түзетуге келісім білдіру жөнінде ұсыныс жасалды
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қарай келіп, келісім білдіру жөнінде ұсыныс жасап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті шығарған қорытындысында: «Сенат аталған заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейтін және заң жобасының мемлекеттік тілдегі мәтініне қатысты бір ғана түзету енгізген, бұл ретте орыс тіліндегі мәтін өзгермейді» делінген.Айта кету керек, қолданыстағы заңға тіркеу мерзіміне қатысты, жылжымайтын мүлікті сатып алушылардың әкімшілік жауапкершілігі туралы толықтырулар енгізіліп отыр.