Сенат «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасы талқылады. Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен, заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.
None
None

Заң жобасының мақсаты ішкі істер органдары жүйесін, құқықтары мен міндеттерін айқындау, ішкі істер органдары қызметкерлеріне құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, құжатта Ішкі істер министрлігінің құзыреттерін орталық аппарат және жалпы ішкі істер органдары ретінде бөлу, заңдылықты нығайтудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету мен полицияны оған тән емес функциялардан арылту көзделеді.

Жаңа редакциядағы заң жобасы 9 бөлімнен тұрады. Оның мазмұнына келер болсақ, құжаттың басты бағыттарының бірі қоғамдық бақылауды азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаумен айналысатын ішкі істер органдарының қызметіне беру болып табылады. Осыған орай Ішкі істер министрлігінің жанынан да, өңірлік ішкі істер департаменттерінің жанынан да қоғамдық кеңестер құрылатын болады.

Заң жобасындағы жаңалықтың бірі - ішкі істер органдарының жұмысындағы арнаулы қағидаттарды қамтамасыз ету. Бұлар - адамның және азаматтың құқығын сақтау және сыйлау, ашықтық, жариялылық, азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және ішкі істер органдарының бірегей жүйесінде өзара іс-қимылда болу.

Сонымен қатар, құжатта ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтарды куәлік етуге мәжбүрлеуге, күш қолдануға және құқыққа қайшы әрекеттерге тікелей тыйым салатын норма қамтылып отыр.

Талқылау барысында сенаторлар заң жобасына бірқатар түзетулер енгізді. Олар негізінен ішкі істер органдарының өкілеттіктеріне бағытталған.

Соңғы жаңалықтар