14:41, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Сенат қабырғасында ҰОС ардагерлері соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараны Парламент Сенатының аппараты «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» бастапқы партиялық ұйымымен бірлесіп, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырды.
Соғыс ардагерлері Селбек Усин, Нұршида Ахметова, Кадан Бекенов және Жаманқұл Үндемесовтер соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін берді.
Кездесу барысында екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен аға буынға құрмет пен алғыс ретінде ардагерлерді ардақтау маңыздылығы аталып өтілді.