Сенат Қазақстан-Қырғыз үкіметтері арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ратификациялады.
None
None

Тату көршілік қатынастарды дамыту және Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қолдау мақсатында, сондай-ақ шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу мәселелеріне Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекара өкілдерінің қатысуы үшін тараптар 2001 жылы 15 желтоқсанда келісімге қол қойды.

«Заң жобасы екі ел арасындағы шекаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шарттық, құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған және шекаралық өкілдері негізгі қызметтері үшін, атап айтқанда, шекарда тосын оқиғалар туындауын алдын алу, ал туындаған жағдайда оларды реттеу жөнінде қажетті шараларды қабылдау», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР ҰҚК комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Дархан Ділманов.

Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі заттарының, құнды заттар мен валютаның контрабандасына қарсы күрес жөніндегі қажетті шараларды қабылдау жүзеге асырылады.

Құжат сонымен қатар шекарадағы тұрақтылықты одан ары қарай қамтамасыз етуге негізделген.

Соңғы жаңалықтар