Сенат Қазақстан мен Түркияның әуе кеңістігін әуе кемелерін өзара транзиттеуге мүмкіндік беретін заңды мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды мақұлдады.
Құжатты таныстырған сенатор Дархан Қыдырәлі келісімге 2024 жылы қол қойылғанын еске салды.
- Келісім Қазақстан Республикасына БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде белгіленген жерлерге жету үшін Түркия әуе кеңістігін жүйелі түрде пайдалануға мүмкіндік береді, - деді ол.
Депутат «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңда Қазақстан аумағы арқылы шет мемлекеттің әскери құрылымдарын, қару-жарағы мен әскери техникасын транзиттеуге арнайы келісімдер мен рұқсаттар арқылы ғана жол берілетінін айтты.
- Келісімді ратификациялау әуе кемелеріне екі мемлекеттің әуе кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді, - деді Дархан Қыдырәлі.
Бұған дейін Қазақстан мен Түркия сауда айналымын 15 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғанын жазған едік.