Сенат кедендік шекара арқылы өтетін тауарлардың құнын айқындауға арналған заңды қабылдады

Хаттаманың мақсаты Кеден одағының заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымының кедендік бағалау жөніндегі келісімінің ережелеріне сәйкестендіру болып табылады. Бұл ретте хаттаманың ережелері алдын ала декларациялау кезінде кедендік құнын анықтауды, тауарлардың кедендік құнын анықтау барысында сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушылардың өзара байланысын, тауардың кедендік құны туралы нақты мәліметтер болмаған кезде кейінге қалдырылатын шешімдер үдерістерін қарастырады.
Сондай-ақ отырыста еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тарифтік емес реттеу саласындағы халықаралық келісімдерімен сәйкестендіру мақсатында әзірленген.