Сенат кепілдендірілген трансфертке қатысты заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат кепілдендірілген трансфертке қатысты заңды қабылдады

«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 трлн 770 млрд теңге сомасында айқындалды. Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделеді», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.