Сенат кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Парламенті Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталған заң жобасымен таныстырған ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Демеуовтің атап өтуінше, оның негізгі мақсаты - қылмыстық ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетіктерін күшейту, оған қарсы күрестің жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, қаржылық көздерін, сондай-ақ оған мемлекеттік қызметшілердің қатысу фактілерін жою болып табылады.

Жоба мүлікті тәркілеу түрінде міндетті қосымша жазалауды, шартты түрде соттау, шарты түрде мерзімінен бұрын босату шараларының қолданылуын шектеуді, кәмілетке толмағандарды ұйымдасқан қылмысқа және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тартқаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді.

Сенаторлар тарапынан бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасын бас комитет екінші оқылымға әзірлейтін болды.

Соңғы жаңалықтар