16:43, 16 Қазан 2012 | GMT +5
Сенат комитеті балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы заң жобасын талқылады
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат -Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
Конвенция балаларды ұрлаумен күрес, балаларды заңсыз алып кету немесе тартып алудан қорғау, балаларды тұрақты тұратын мемлекетіне жедел қайтару үшін бірыңғай рәсімдер қалыптастыру саласындағы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Гаагада 1980 жылғы қазанда қол қойылған Конвенцияға әлемнің 87 елі қатысады.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.