Сенат комитеті еңбек ететін ерлер мен әйелдерге тең қарауды қамтитын құжатты талқылады

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
None
None

Онда «Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және тең мүмкіндіктер туралы конвенцияны (156-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Аталмыш Конвенция Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясында 1981 жылғы 23 маусымда Женевада қабылданған болатын. Құжаттың мақсаты отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге тең қарау және тең мүмкіндіктер белгілеу болып табылады.

Конвенция отбасылық міндеттерді бірлесіп орындаудағы ерлер мен әйелдердің рөлін мойындайды. Аталған адамдарды кемсітуге, әсіресе жұмыстан босату кезінде кемсітуге тыйым салады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің және бала күтімі мен отбасына көмек көрсету жөніндегі басқа да мекемелердің жеткілікті санын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің оларды қолдау міндеттерін реттейді.

Заң жобасы палатаның отырысында қарауға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар