Сенат комитеті Ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешенінде болды

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің Ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешенінде (Ақмола облысы, Ақкөл қаласы) бүгін болған көшпелі отырысында ғарыш қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

«Ғарыш қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылауға төраға орынбасары Александр Судьин қатысты.

Еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) басшысы Т.Мұсабаев депутаттарға ғарыш саласын дамыту бағдарламасының стратегиялық бағыттары туралы айтты және Агенттіктің «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс және таратудың, ғарыш мониторингі ұлттық жүйелерін жасау, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін салудағы қызметі туралы хабардар етті.

Талқылау барысында осы саладағы қолданыстағы заңнама Қазақстандағы ғарыш қызметін дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ете алмайтыны туралы айтылды.

Ғарыш қызметі туралы заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, жобалардың қабылдануы ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүйелеуге, оны Қазақстанда жүзеге асыру үшін құқықтық негізді бекемдеуге мүмкіндік береді.

Ілеспе заң жобасымен Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Жер, Бюджет, Салық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, сондай-ақ «Тұрғын-үй қатынастары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Отырыс аясында депутаттар жер үстіндегі басқару кешенінің нысандарымен және жабдықтармен танысты.

Соңғы жаңалықтар