Сенат комитеті Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері арасындағы реадмиссия туралы келісімді талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Еске салайық, аталған хаттамаға 2015 жылдың 2 наурызында Брюссельде қол қойылған болатын. Келісім мен хаттаманың мақсаты тараптар аумағында заңсыз болатын адамдарды қабылдауды және шығарып жіберуге жататын адамдардың транзитін жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес оңайлату болып табылады. Бұл ретте сұрау салатын Тарап сұрау салушы тараптың аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды өтінішхаттар бойынша өз аумағына қабылдайтын болады. Сонымен қатар құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және оларды қайтаруды көздейді. Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кіріп, визасы, рұқсат мерзімі өтіп кеткендіктен сонда қалған адамдар жатады. Келісімді қабылдау заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді, елдердің аумағында заңсыз жүрген адамдарды халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауды, олардың транзитін жеңілдетеді. Талқылаудан соң комитет заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар