Сенат комитеті құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған заң жобасын талқылады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Сенат комитеті құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған заң жобасын талқылады

Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, кемшіліктерді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат қолданыстағы заңнаманы құқықтық реттеуде олқылықтардың орнын толтыру, құқықтық нормалар мазмұнындағы ішкі коллизияларды және қайшылықтарды болдырмау, ескірген және қайталама нормаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою жолымен жетілдіруге бағытталған.

Құжат бойынша қолданыстағы 47 заңнамалық актілерге, оның ішінде 6 кодекске түзетулер енгізу ұсынылған. Заң жобасын қабылдау келеңсіз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды. Өйткені өзгерістер негізінен қолданыстағы құжаттарды жетілдіруге бағытталады. Бұл тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігіне ықпал етеді.