Сенат комитеті мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырататын заң жобасын қарады

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
None
None

Заң жобасы өткен жылғы қараша айында барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырманы, сондай-ақ «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Бұл ретте құжат бойынша мемлекеттік органдардың міндеттерін бекіту заңнамалық тұрғыда реттеу, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің қайталануын алып тастау және жергілікті атқарушы органдарды нығайту көзделеді. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы мемлекеттік басқарудың мейлінше оңтайлы деңгейін анықтау қарастырылады.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу көзделіп отыр. Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы Палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар