Сенат комитеті салық істеріне арналған конвенцияны талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
None
None

Аталған Конвенция Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен Страсбург қаласында 1988 жылы қол қойылған. Конвенцияға қосылу оны қабылдаған мемлекеттердің құзыретті органдары арасында бір мезгілде салықтық тексерулер жүргізуге, салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қолдануға құқықтық негіз қалыптастырады. Конвенцияға сәйкес, Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер салық істері бойынша бірбіріне әкімшілік көмектер көрсететін болады.

Тоқтала кететін жайт, қазіргі күні Қазақстан қосарланған салықты болдырмау туралы 46 конвенция мен ақпарат алмасу туралы келісімнің негізінде шет мемлекеттермен ақпарат алмасады. Мәселен, былтыр Қазақстан салық мәселелері бойынша шет елдерге 175 сауал жіберді, ал шет мемлекеттердің салық қызметінен 182 сұраулар түскен. Дегенмен, елімізде қабылдаған конвенциялар мен келісімдердің мүмкіндіктері шектеулі болып отыр, олар тек корпоративтік және жеке табыс салығына ғана қолданылады. Ал қаралып отырған Конвенция салық ақпаратының алмасу тәжірибесінің тиімділігін арттыруды қамтиды.

Тұтастай алғанда, конвенция салықтың барлық түрлері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Қажетті ақпаратты алу әдістері едәуір жеңілдей түседі.

Заң жобасы алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылады.

Соңғы жаңалықтар