Сенат комитеті тарифтік емес реттеу шараларына арналған заң жобасын қарады

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
None
None

Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске салсақ, заң жобасының мақсаты еліміздің заңнамасын Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) тарифтік емес реттеу саласын 2009 жылғы 27 қарашадағы шешімге сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан бөлек, құжат Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріздендіруге, көрсетілген келсімдерге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға ықпал етеді. Сонымен қатар, құжатта заң қабылданған жағдайдағы туындайтын қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою нормалары да көзделеді.

Құжат палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар