18:18, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Сенат комитеті Жер кодексіндегі жекелеген ережелердің қолданысын тоқтата тұру туралы мәселені қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» №248 Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаты Жер кодексінің жер пайдалану жөніндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беруді (жалға алу) реттейтін жекелеген ережелерінің қолданылуын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтата тұру болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның кей¬бір нормаларының және Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқ¬санына дейін тоқта¬тыла тұра¬тын болады.
Заң жобалары Палата қарауына жіберілді.