Сенат комитеті Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда комитет мүшелері ҚР Жоғарғы Сотының үш судьясын қызметінен босату туралы мәселені талқылады.

Сенат комитеті Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады

Сенаторларға ҚР Жоғарғы Соты Қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов қызметінен босату ұсынылған судьялар туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, судья лауазымында 33 жыл қызмет атқарған Анатолий Линник пен судьялық өтілі 17 жыл Раушан Нұртай зейнет жасына байланысты жұмыстан босату туралы өтініш берген. Бұдан бөлек, Гүлнәр Рысбековаға судья қызметінен отставкаға кету туралы құқығы ұсынылып, бұл ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген.

Талқылаудан соң, сенаторлар мәселені алдағы уақыттағы палатаның жалпы отырысында қарау туралы шешім шығарды.