Сенат комитетінде асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне арналған жоба талқыланды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Сенат комитетінде асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне арналған жоба талқыланды

Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, аталған құжат бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Заң жобасы ауыл шаруашылығын нығайту жөніндегі шаралар қолдану кезеңінде ел экономикасында айырықша маңызға ие болмаған мал шаруашылығы салаларын қалпына келтіруге байланысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының негізгі салалары дамығаннан кейін елде балық шаруашылығы мен бал арасы шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шаралар дамытыла бастады. Осы ретте болып жатқан өзгерістер қолданыстағы заңнаманың жекелеген нормаларын қолданудың және орын алған олқылықтарды жоюдың қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес, тиісті нормаларға түзетулер енгізіледі.

Бұдан бөлек, заң жобасында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайту мақсатында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын реттеулер көзделеді. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттау мен қайта аттестаттауды регламенттеу қайта қарастырылады. Селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу мәселелерінде мақсаттар мен міндеттердің аражігі ажыратылады.

Заң жобасы палатаның жалпы отырысына талқыланатын болады.