Сенат комитетінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін және жер қатынастарын реттейтін заң жобалары қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазанда Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң жобасы қаралды.
None
None

Заң жобасының мақсаты ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және олардың қауымдастықтарының қызметтерін құқықтық реттеу, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Бұл заңды қабылдаудың қажеттігі қазіргі кездегі қолданыстағы құқықтық ережелер ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірістік қызметі үшін жеткілікті жағдай жасай алмайтынына байланысты болып отыр. Атап айтқанда, кооперативтерде коммерциялық ұйым мәртебесі болмағандықтан, фермерлердің қызмет көрсететін ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірлесуін ынталандыратын фактор жетіспейді. Кооперативтердің барлық түрлері жеңілдетілген несиелер мен салықтық жеңілдіктерге қол жеткізе алмай келеді. Бірқатар мәселелер үйлестіру органдарының (қауымдастықтар, аудиттік одақтар және т.б.) жоқтығынан туындады.

Заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кооперацияға ықыласын арттыруға, ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілету есебінен ауыл шаруашылық саласының бәсекелестігін ұлғайтуға жәрдемдеседі деп күтілуде. Бұл шаралар азық-түлік жағдайына және тиісінше еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне оң әсер етеді.

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құқықтық мәртебесін, салық салу және аудит мәселелерін реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Комитет сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жария еткен 5 институттық реформаны іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру тетіктерін дамыту болып табылады. Қабылданған ережелер ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін жеңілдікті бағамен жеке меншікке сатуды ынталандыруды көздейді. Ауыл шаруашылығы өндірісіне берілетін жер телімдерінің мақсатын ауыстыру рәсімдері оңтайланады. Заң жобасын қабылдау аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарды жетілдіруге, ауыл шаруашылығына инвестициялар тартуға, жер телімдерін рәсімдеу барысында ашықтықты қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар