Сенат комитетінде азаматтық заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық реформалар комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Сенат комитетінде азаматтық заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасы талқыланды

Заң жобасын екінші оқылымда қарауға әзірлік барысында оған тиісті өзгерістер енгізу жайында ұсыныстар айтылды. Бірдей аталатын заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерін нақтылау үшін Азаматтық кодекстің 38 бабының 2 тармағы жаңа мәтінде берілетін болды. Сондай-ақ осындағы 319 баптың 1-1 тармағының екінші бөлігі толықтырылды. Бұл ақшалай міндеттеме бойынша салынатын құқыққа (талап) орай есептелген қаржы сомасы кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген мөлшерінен асып кетсе немесе ол талаптарды қанағаттандыра алмаса болатын жағдайдағы құқықтық олқылықтарды толықтыратын болады.

Одан басқа, заң жобасында күшін жойған заңдарға қатысты өзгерістер де бар. Олар «Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдар. Бұл заңдар 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңы мен 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңға сәйкес күшін жойған болатын.