Сенат комитетінде Балқаш торабын пайдалану жөнінде Ресеймен келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенат комитетінде Балқаш торабын пайдалану жөнінде Ресеймен келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

2014 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Келісім Қазақстан аумағында орналасқан Балқаш торабын Ресей тарапына беру шарттарын және оны одан әрі пайдалану тәртібін айқындауға бағытталған. Сондай-ақ Балқаш торабының инфрақұрылымын белгіленген мақсатта ғана пайдалану және нысанды тараптардың бірлесіп пайдалануына кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастыру көзделеді.

Құжат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау мен беру және оны түгендеу тәртібін реттейді. Залалды өтеу, даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібі туралы ережелер де белгіленді.

Келісімді ратификациялау Қазақстандық Балқаш торабын одан әрі пайдалану мәселесін заңнамалық реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оны пайдалануда жаңа тәсілдерді әзірлеуге қызмет етеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.