Сенат комитетінде Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, қаланың, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
None
None

Заң жобасының мақсаты «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету тәртібін жетілдіруді көздейтін осы Келісімді ратификациялау болып табылады.

Атап айтқанда, ғарыш айлағының персоналына және Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді Ресейдің денсаулық сақтау ұйымдары, ал Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына - Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын болады.

Заң жобасы палатаның қарауына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар