Сенат комитетінде байланыс туралы заң жобасы талқыланды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Заң жобасы сандық теле және радио хабарларын таратуды дамытуға және сандық тұрғыдағы таратуға көшу (2011 жылғы 1 қаңтар мен 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығында) кезеңінде қазақстандық телекомпаниялар мен телеарналарды қолдауға бағытталған.
Заң жобасымен Бюджет кодексі мен «Байланыс туралы» заңға толықтыру енгізіледі. Атап айтқанда, отандық теледидар және радиоарналарды жер серігі жүйесі арқылы таратудағы байланыс және ақпарат саласы уәкілетті органдарының тарату жөніндегі құзіреті нақтыланады.
Одан басқа, мемлекеттік және меншік түріне қарамастан жеке телерадио тарату ұйымдарының теле және радио бағдарламаларын жер серігі жүйесімен тарату қарастырылып отыр.
Заң жобасы палатаның қарауына ұсынылды.