Сенат комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заң жобасының мақсаты спорттың бұқаралық түрлерін дамыту, спорт резерві мен спортшыларды тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады.Заң жобасы спорт резервін әзірлеу тетіктерін, спортшы мен денешынықтыру-спорттық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарын реттейді, денешынықтыру-спорттық ұйымнан немесе қоғамнан ауысу барысындағы спортшының құқықтарын нақтылайды.Сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның 30-1 бабындағы 2 тармақтың 1-2 тармақшасында белгіленген спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық қамтамасыз етуді 8,0-ден 24,0 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ұлғайту туралы түзету ұсынылып отыр.«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік органның бақылау міндеттерін реттейтін толықтыру енгізілетін болды. Заң жобасын Сенаттың тұрақты комитеттерінде талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына түзету енгізу ұсынылғаны айтылды. Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт саласында қызмет ететін субъектілердің қызметін қаржыландыру көздерін нақтылау ұсынылып отыр. Одан басқа, құжатқа ұғымдарды нақтылау сипатындағы өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы атап өтілді. Заң жобасы Сенаттың жалпы отырысының қарауына ұсынылатын болды.
Соңғы жаңалықтар