Сенат комитетінде дипломатиялық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Заңға енгізілетін өзгерістер әлемдегі жалпыға ортақ тәжірибеге сәйкес дипломатиялық қызметтегі адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді, дипломатиялық қызмет органдары қызметін ұйымдастыру саласында ұлттық заңнамаларды жетілдіруді, мамандар әлеуетін нығайтуды, дипломатиялық қызметтің тартымдылығын арттыруды көздейді.
Комитет отырысында сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласындағы офистік үй-жайды өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.