Сенат комитетінде доңғалақты көлік құралдарына бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы заң жобасы қаралды
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы,
немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Бұл заң жобасының қабылдануы Қазақстан Республикасына техникалық және технологиялық ережелерді еуропалық стандарттармен бірдейлеуге, сондай-ақ «Еуро-2» экологиялық талаптарын көлік құралдарына қолдануға мүмкіндік береді.
Кеңейтілген отырыста «Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Келісім мақсаты оған қатысушы елдердің доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы құқықтық негіздер мен жалпы рәсімдерді қамтамасыз ету болып табылады.
Екі заң жобасы да палата қарауына жіберілетін болды.