17:39, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Сенат комитетінде Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заң жобасы еліміздің Экологиялық кодексіне Қазақстанға амортизациялық мерзімі өткен экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша бірнеше рет қауіпті деп танылған технологиялардың жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салуды енгізу бөлігіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді.Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.