Сенат комитетінде еліміздің кейбір заңнамалық актілерін ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіруді көздейтін заң жобасы қаралды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа сенаттың баспасөз қызметінен.Бұл заң жобасы бірқатар заңнамалық актілерге олардың ережелерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізу тұрғысынан әзірленген болатын.Заң жобасы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы», «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасын қарау барысында палатаның тұрақты комитеттерінен Азаматтық кодекске (Жалпы бөлімі), Еңбек кодексі мен «Төтенше жағдайлар туралы» заңға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар түсті.Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.
Соңғы жаңалықтар