Сенат комитетінде Еуразия экономикалық қоғамдастығындағы экспорттық бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы келісім қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» заң жобасы қаралды.
None
None

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2013 жылғы желтоқсандағы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Келісімге 2003 жылғы қазанда қол қойылды және Қазақстан Республикасы оны 2005 жылғы желтоқсанда ратификациялады. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы ЕурАзЭҚ-ның бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап күшіне енетін жекелеген баптарды қоспағанда, Келісім 2007 жылғы желтоқсанда күшіне енді.

Аталған баптарда, олар күшіне енген жағдайда, ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың еркін тасымалдануы көзделеді. Экспорттық бақылауға жататын өнім жаппай қырып-жоятын қару, жай қару-жарақ жасау үшін ықтимал пайдалану, сондай-ақ тікелей террористік әрекет үшін пайдалану тұрғысынан қауіп төндіреді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум