Сенат комитетінде халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Сенат комитетінде халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы заң жобасы талқыланды

Жобаның негізгі мақсаты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру міндетін жергілікті атқару органдарынан Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады.

Заң жобасында «бір терезе» қағидасы», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «ерекше әлеуметтік қызмет» ұғымдары нақтыланып, «автоматтандыру», «толықтай автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету», «жекелеген автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымдары енгізілді.

Мәжілісте мақұлдаған жобаны талқылау барысында құжатқа қажетті өзгерістер енгізілді.

Жоба палата қарауына жіберілді.